Категория Санат
Время прохождения Өту уақыты
Спорт, психология
15 минут
Мы создали этот гайд, чтобы помочь тебе развивать навыки общения, учиться уважать других и чувствовать себя в безопасности.
Ты также узнаешь, что такое буллинг и насилие, как их распознать
и что делать, если столкнешься с их проявлениями.
Біз бұл гайдты қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, өзгелерді құрметтеуге және өзіңді қауіпсіз сезінуді үйренуге көмектесу үшін жасадық.
Сонымен қатар, сен қудалау мен зорлық-зомбылықтың не екенін, оларды қалай тануға болатынын және олармен кездескенде не істеу керектігін білесің.
Никто не обзывается, не дразнит и не унижает.
Ешкім ешкімге тіл тигізбейді, мазақтамайды және кемсітпейді.
Никто не толкает, не причиняет боль.
Ешкім ешкімді итермейді, еш жерін ауыртпайды.
Ошибки — это часть обучения. Главное — участие и старание.
Қателесу — оқудың бір бөлігі. Ең бастысы — қатысу және тырысу.
Если тебя что-то беспокоит, ты всегда можешь сказать об этом взрослому или другу. В команде нет места осуждению и обвинениям.
Егер сені бірдеңе мазаласа, сен бұл туралы әрдайым үлкендерге немесе досыңа айта аласың. Командада кінәлауға немесе айыптауға орын жоқ.
Мы не терпим насилие в любой его форме и проявлении.
Біз зорлық-зомбылыққа кез келген нысанда немесе көріністе жол бермейміз.
Насилие — это когда кто-то намеренно причиняет боль, обижает или пугает другого человека. Оно бывает разным:
Зорлық-зомбылық — біреудің басқа адамға қасақана зиян тигізуі, ренжітуі немесе қорқытуы. Ол әр түрлі болуы мүмкін:
Например, удары, толчки, причинение боли.
Мысалы, соғу, итеру, денесіне зиян тигізу.
Например, обзывания, унижения, обидные слова.
Мысалы, ат қою, кемсіту, қорлайтын сөздер қолдану.
Это любые действия или прикосновения, которые вызывают у тебя дискомфорт. Например, если кто-то просит тебя раздеться или трогает части твоего тела, в т.ч. закрытые нижним бельем. Это всегда неправильно, даже если этот человек утверждает обратное и просит сохранить это в тайне.
Бұл саған ыңғайсыздық тудыратын кез келген әрекеттер немесе қол тигізулер. Мысалы, біреу сенен шешінуіңді сұраса немесе денеңнің кез келген жеріне, соның ішінде іш киіммен жабылған тұсына қол тигізсе. Бұл мүлде дұрыс емес, тіпті егер ол адам басқаша сөйлеп, бұл әрекетін құпия сақтауды сұраса да, мұндайды жасыруға болмайды.
Если с тобой или твоим другом (подругой) произошло что-то подобное, обязательно расскажи взрослому, которому доверяешь: родителям, тренеру или другому надежному человеку. Помни, что прикасаться к твоему телу в зоне нижнего белья может только врач во время медицинского осмотра, и только в присутствии родителей.
Егер сенің өз басыңда немесе досыңда (құрбыңда) осыған ұқсас жағдай болса, оны міндетті түрде өзің сенетін бір ересек адамға айт: ата-анаңа, жаттықтырушыға немесе өзің сенетін басқа адамға. Есіңде болсын, сенің денеңнің іш киім киген бөлігіне тек медицинкалық тексеріс кезінде дәрігер ғана қол тигізе алады әрі ол кезде сенің ата-анаң жаныңда болуы керек.
Например, когда взрослые не заботятся о тебе: не кормят, не одевают по погоде или не помогают, если ты заболел.
Мысалы, үлкендер саған қамқорлық жасамай қояды: тамақтандырмайды, ауа-райына сәйкес киіндірмейді немесе ауырып қалсаң көмектеспейді.
Насилие недопустимо. Даже если кто-то говорит, что это «шутка» или «ты сам(а) виноват(а)».
Зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Тіпті біреу бұл «әзіл» немесе «сен өзің кінәлісің» деп айтса да.
Всегда виноват только тот, кто обижает!
Әрқашан ренжіткен адам кінәлі болады!
Уголовный кодекс Республики Казахстан предусматривает целый раздел за нарушения прав детей.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде балалардың құқықтарын бұзу туралы тұтас бір бөлім қарастырылған.
Кодекс об административных правонарушениях Республики Казахстан.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.
За буллинг (травля) и кибербуллинг (травля в интернете) также предусмотрена административная ответственность как для взрослых, так и для детей от 12 и до 16 лет статьей 127-2 Кодексом об административных правонарушениях Республики Казахстан
Буллинг (қудалау) және кибербуллинг (интернеттегі қудалау) үшін де Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-2-бабына сәйкес ересектерге де, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Иногда трудно распознать, что ты или кто-то другой столкнулся с насилием. Но есть признаки, которые могут на это указать:
Кейде сенің немесе басқа біреудің зорлық-зомбылық көріп жатқанын тану қиын болуы мүмкін. Бірақ мұны көрсететін белгілер бар:
Например, твой друг или подруга раньше были весёлыми и общительными, но вдруг стали грустными, замкнутыми, избегают общения или пропускают тренировки.
Мысалы, сенің досың не құрбың бұрын көңілді және көпшіл болатын, бірақ кейінгі кезде жабырқап, өзімен өзі тұйықталып, қарым-қатынастан қашады немесе жаттығуларды өткізіп жібереді.
Если у друга появились синяки, порезы, ожоги или другие следы, которые он/она не может объяснить, или объяснения кажутся странными и неправдоподобными.
Егер досыңның денесі көгеріп, кесілген болса, күйген болса немесе ол өзі түсіндіре алмайтын басқа да белгілер болса немесе түсініктемелері оғаш әрі ақылға сыйымсыз болып көрінсе, бұған міндетті түрде мән бер.
Например, твой друг или подруга стали плохо учиться, пропускают занятия или не выполняют домашние задания, хотя раньше охотно ходили в школу и учились с удовольствием.
Мысалы, сенің досың не құрбыңның оқу үлгерімі төмендеп кетті, сабаққа қатыспайды немесе үй тапсырмасын орындамайды, бірақ олар бұған дейін мектепке қуана баратын және ықыласпен оқитын.
Если одноклассник или друг стал избегать общения с кем-то из взрослых или сверстников, явно боится их.
Егер сыныптасың немесе досың ересектердің біреуінен немесе құрдастарымен араласудан қашса, демек олардан қорқады деген сөз.
Постоянные головные боли, боли в животе, усталость или вялость, которые могут быть вызваны сильным стрессом.
Ауыр стресстен болып жиі бас ауру, іш ауруы, шаршау немесе әлсіздік болуы мүмкін.
Например: «Мне это не нравится», «Не трогай меня», «Я не хочу этого делать».
Мысалы: «Маған бұл ұнамайды», «Маған тиіспе», «Мен мұны істегім келмейді».
Это могут быть родители, учитель, школьный психолог, тренер или другой человек, которому ты доверяешь.
Бұл ата-аналар, мұғалім, мектеп психологы, жаттықтырушы немесе сен сенетін басқа да адам болуы мүмкін.
Основные контакты:
Негізгі байланыстар:
102 — Полиция
103 — Скорая помощь
102 — Полиция
103 — Жедел жәрдем
Дополнительные номера:
Қосымша нөмірлер:
112 — Единая служба спасения. Звонить по данному номеру нужно только, если ты нуждаешься в экстренной помощи, когда возникает реальная угроза жизни, здоровью, имуществу, окружающей среде, либо имеется реальная причина возникновения названных угроз.
150 — Национальный телефон доверия для детей и молодежи.
115 — Телефон доверия в сложных жизненных ситуациях.
111 — Центр по защите прав женщин и детей.
112 — Бірыңғай құтқару қызметі. Бұл нөмірге егер адам өміріне, денсаулыққа, мүлікке, қоршаған ортаға нақты қауіп төнгенде немесе осы қауіптердің туындауының нақты себебі болған кезде, шұғыл көмекке мұқтаж болған жағдайда ғана хабарласу керек.
150 — Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны.
115 – Өмірдің қиын жағдайлары бойынша сенім телефоны.
111 — Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау орталығы.
Если насилие произошло с кем-то другим, скажи этому человеку, что он/она не виноват(-а) и его(ее) чувства важны. Помоги найти взрослого, который сможет помочь, или позвони на один из указанных номеров.
Егер басқа біреу жәбір көрсе, оған бұл оның кінәсі емес екенін және оның сезімі маңызды екенін айт. Көмектесе алатын ересек адамды табуға қол ұшын соз немесе тізімде көрсетілген нөмірлердің біріне қоңырау шал.
Никто не имеет права тебя обижать. Если ты или кто-то другой столкнулся с насилием, не молчи — обратись за помощью.
Сені ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ. Егер сен немесе басқа біреу зорлық-зомбылыққа тап болса, үнсіз қалма — көмек сұра.
В приложении ниже мы собрали для тебя дополнительные номера, куда можно обратиться за помощью.
Төмендегі қосымшада біз саған көмек сұрауға болатын тағы қосымша нөмірлер жинадық.
Создание дружелюбной и безопасной среды — это результат усилий каждого из нас. Твоя поддержка и уважение к окружающим имеют большое значение!
Бауырмал және қауіпсіз орта құру — әрқайсымыздың күш-жігеріміздің нәтижесі. Сенің қолдауың мен айналаңдағы адамдарға деген құрметің өте маңызды!