Русский

Қазақша

Преподавателям физической культуры: как реагировать на насилие в отношении детей и создать безопасную среду Балаларға жасалатын қатыгездікке қалай жауап берген жөн және қауіпсіз ортаны қалай құрады Гайд

Категория Санат

Время прохождения Өту уақыты

Спорт, психология

15 минут

Вступление Кіріспе

Школа — одно из мест, где дети проводят много времени, порой больше, чем дома. Поэтому важно создать для них безопасную, доверительную и поддерживающую атмосферу, особенно на уроках физкультуры.

Вы, как преподаватель, имеете возможность первым заметить, что ребенок нуждается в защите. 

Этот гайд поможет вам: научиться распознавать признаки разных форм насилия: физического, эмоционального, сексуального и других.

Правильно реагировать на подозрения о насилии.

Создавать безопасную среду для детей на занятиях.

Мектеп — балалар уақытының көп бөлігін өткізетін жер, кейде тіпті үйге қарағанда олар мектепте ұзақ жүреді. Сондықтан олар үшін әсіресе дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіз, сенімді және қолдау көрсететін орта құру маңызды.

Мұғалім ретінде сіз баланың қорғауға мұқтаж екенін бірінші болып байқауға мүмкіндігіңіз бар.

Бұл нұсқаулық сізге көмектеседі:зорлық-зомбылықтың әр түрлі нысандарының белгілерін тануды үйретеді: физикалық, эмоционалдық, жыныстық және т.б.

Зорлық-зомбылық туралы күдіктерге дұрыс жауап беруге.

Сыныпта балалар үшін қауіпсіз орта құруға.

Как распознать насилие? Основные виды насилия и их признаки

Зорлық-зомбылықты қалай тануға болады? Зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері және олардың белгілері

Физическое насилие

Физикалық зорлық-зомбылық

  • Травмы без логичных объяснений (синяки, ожоги, порезы и т.д.).
  • Следы от ударов различными предметами (ремень, веревки, утюг и др.).
  • Частые жалобы на боль без медицинских причин.
  • Длинные рукава не по погоде (чтобы скрыть синяки или следы связывания).
  • Логикалық түсіндірмесі жоқ жарақаттар (көгерген, күйген, кесілген және т.б.).
  • Әр түрлі заттардан қалған (белдік, арқан, үтік және т.б.) соққы іздері.
  • Медициналық себепсіз ауырып тұрмын деп жиі шағымдану.
  • Ауа-райына сәйкес келмейтін ұзын жеңдер (көгерген жерлерді немесе байлау белгілерін жасыру үшін). 

Эмоциональное насилие​

Эмоционалды зорлық-зомбылық

  • Тревожность, плаксивость, необъяснимый страх.
  • Низкая самооценка, постоянные извинения без причины.
  • Замкнутость, избегание общения.
  • Боязнь взрослых или определенного человека.
  • Мазасыздық, жылай беру, түсініксіз қорқыныш.
  • Өзін-өзі бағалаудың төмендігі, себепсіз үнемі кешірім сұрау.
  • Оқшаулану, қарым-қатынастан қашу.
  • Үлкендерден немесе белгілі бір адамнан қорқу.

Пренебрежение потребностями

Қажеттіліктерді елемеу

  • Ребенок постоянно голоден, одет не по сезону.
  • Плохая гигиена, неопрятность.
  • Отсутствие необходимой одежды для занятий спортом.
  • Бала үнемі аш жүреді және маусымға сәйкес киінбейді.
  • Нашар гигиена, тәртіпсіздік.
  • Спортқа қажетті киімнің болмауы.

Сексуальное насилие

Сексуалдық зорлық-зомбылық

  • Страх прикосновений, избегание парных упражнений.
  • Поведение или знания, не соответствующие возрасту.
  • Боязнь раздевалок, душевых.
  • Жалобы на боли в интимных местах без объяснений.
  • Подарки или деньги, источник которых неясен.
  • Қол тигізуден қорқу, жұптық жаттығулардан қашу.
  • Жасына сәйкес келмейтін мінез-құлық немесе білім.
  • Киіну бөлмесінен, душтан қорқу.
  • Түсініктемесіз интимді аймақтардағы ауру сезіміне шағымдар.
  • Қайдан келгені белгісіз сыйлықтар немесе ақша.

Буллинг и социальное давление

Қудалау және әлеуметтік қысым:

  • Изоляция от сверстников, нежелание общаться.
  • Жалобы ребенка на издевательства и травлю.
  • Открытое игнорирование или насмешки со стороны одноклассников.
  • Құрдастарынан оқшаулану, қарым-қатынасқа түсуді қаламау.
  • Баланың қорлау және қудалау туралы шағымдары.
  • Сыныптастар тарапынан ашық елемеу немесе келемеждеу.

Важно! Маңызды!

Насилие может проявляться по-разному: как одним, так и несколькими признаками. Важно внимательно следить за изменениями в поведении детей в классе.

Зорлық-зомбылық әр түрлі тәсілдермен көрінуі мүмкін: бір немесе бірнеше белгілермен. Сыныптағы балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерді мұқият бақылау маңызды.

Что делать, если вы заметили признаки насилия?​
Зорлық-зомбылық белгілерін байқасаңыз не істеу керек?

Фиксируйте наблюдения

Бақылауларыңызды жазып алыңыз

Записывайте дату, время и необходимые детали.

Күнді, уақытты және кез келген қажетті мәліметті

Например: «3 декабря 2024 года в 12:00 на уроке физкультуры увидел синяки на правой руке ученика 6 класса (ФИО). Ребенок сказал, что ударился об косяк, но выглядел испуганным и быстро убежал».

Мысалы: «2024 жылдың 3 желтоқсанында сағат 12:00-де дене шынықтыру сабағында 6-сынып оқушысының (Баланың толық аты-жөні) оң қолының көгергенін көрдім. Бала есік жақтауына соққанын айтты, бірақ қорқып тұрғаны байқалды, тез қашып кетті».

Поговорите с ребенком

Баламен сөйлесіңіз

Будьте спокойны и сдержаны.

Сабырлы және жинақы болыңыз.

Не обвиняйте и не оказывайте давления — в насилии виноват только тот, кто его совершает.

Айыптамаңыз және қысым жасамаңыз — зорлық-зомбылық оны жасаған адамның кінәсі.

Начните с фразы: «Я заметил, что тебя что-то беспокоит. Если хочешь, можем поговорить об этом».

Мына сөйлемнен бастаңыз: «Мен сені бір нәрсе мазалайтынын байқадым. Егер қаласаң, бұл жайлы сөйлесе аламыз».

Не устраивайте допрос.

Тергеу жасамаңыз.

Не спрашивайте прямо: «Кто это сделал?»

«Мұны кім істеді?» деп тікелей сұрамаңыз.

Скажите: «Я здесь, чтобы помочь тебе».

«Мен саған көмектесу үшін жаныңдамын» деп айтыңыз.

Сообщите компетентным органам

Құзырлы органдарға хабарлау

Обратитесь к школьному психологу, социальному педагогу или администрации.

Мектеп психологына, әлеуметтік қызметкерге немесе әкімшілікке хабарласыңыз.

В случае прямой угрозы жизни, здоровью или безопасности ребенка необходимо связаться с органами опеки или полицией (102).

Баланың өміріне, денсаулығына немесе қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда қорғаншылық органдарына немесе полицияға (102) хабарласу қажет.

Если в школе нет психолога, можно обратиться в кризисный центр..

Егер мектепте психолог болмаса, дағдарыс орталығына хабарласуға болады.

Поддерживайте связь с органами

Органдармен байланыста болыңыз

Компетентные органы займутся дальнейшим расследованием, но помните, что им может понадобится ваша помощь.

Құзырлы органдар ары қарай тексеру жүргізеді, бірақ олар сіздің көмегіңізге мұқтаж болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Зафиксируйте, кому и когда вы сообщили о происшествии, а также какие меры были предприняты.

Оқиға туралы кімге және қашан хабарлағаныңызды және қандай шара қолданғанын жазып алыңыз.

Бұл әрекеттер балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларына жауап берудің жалпы алгоритміне қатысты.

Как создать безопасную среду на уроках физкультуры?

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіз ортаны қалай құруға болады?

Безопасность на занятиях

Сабақ кезіндегі қауіпсіздік

  • Проверяйте состояние спортинвентаря перед каждым занятием.
  • Следите за покрытием пола и спортплощадки.
  • Учитывайте уровень физической подготовки детей.
  • Әр сабақ алдында спорттық құрал-жабдықтың жағдайын тексеріңіз.’

  • Еден мен спорт алаңының жабындысына назар аударыңыз.

  • Балалардың физикалық дайындығының деңгейін ескеріңіз.

Эмоциональная безопасность

Эмоционалды қауіпсіздік

  • Не допускайте насмешек, буллинга и дискриминации.
  • Создавайте атмосферу доверия, в которой дети не боятся говорить о своих проблемах.
  • Хвалите не только за результаты, но и за старания.
  • Помните о психологических и культурных особенностях детей.
  • Для детей с особыми потребностями разрабатывайте альтернативные упражнения.
  • Мазақтауға, қудалауға және кемсітуге жол бермеңіз.

  • Балалар өз мәселесін айтудан қорықпайтын сенім атмосферасын құрыңыз.

  • Нәтиже үшін ғана емес, тырысқаны үшін де мақтаңыз.

  • Балалардың психологиялық және мәдени ерекшеліктерін есте сақтаңыз.

  • Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін балама жаттығулар ойластырыңыз.

Обучение детей личным границам

Балаларды жеке шекараға үйрету

  • Обсуждайте тему личных границ и уважения друг к другу.
  • Используйте методику «Треугольник доверия», адаптируя ее для нужного возраста.
  • Жеке шекара және бір-біріне деген құрмет тақырыбын талқылаңыз.

  • «Треугольник доверия» әдісін қолданып, оны сәйкес жасқа бейімдеңіз.

Важно! Маңызды!

Ознакомьтесь с действующим законодательством и школьными правилами по защите учащихся от насилия.

Будьте внимательны к детям и регулярно напоминайте им, что в случае дискомфорта или опасности они всегда могут обратиться к вам или другим значимым взрослым за поддержкой.

Оқушыларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін қолданыстағы заңдармен және мектеп ережесімен танысыңыз.

Балаларға мұқият болыңыз және егер олар өздерін жайсыз сезінсе немесе қауіп төнсе, олар әрқашан сізге немесе басқа да ересектерге жүгініп, көмек сұрай алатынын үнемі айтып отырыңыз.

Как развивать дружелюбную атмосферу в классе?
Сыныпта достық атмосферасын қалай дамытуға болады?

Говорите с учениками об уважении. Обсуждайте, почему важно поддерживать друг друга и относиться к окружающим с уважением.

Оқушылармен сыйластық туралы сөйлесіңіз. Неліктен бір-бірін қолдау және басқаларға құрметпен қарау маңызды екенін талқылаңыздар.

Подавайте личный пример. Демонстрируйте заботу, доброжелательность и поощряйте учеников за взаимопомощь.

Өзіңіз үлгі көрсетіңіз. Қамқорлық, мейірімділік танытып, оқушыларды бір-біріне көмектесуге шақырыңыз.

Используйте командные игры и упражнения. Укрепляйте чувство сплоченности в классе. Дополнительно используйте социометрию для анализа взаимоотношений между детьми.

Командалық ойындар мен жаттығуларды қолданыңыз. Сыныптағы ұйымшылдық сезімін нығайтыңыз. Сонымен қатар, балалар арасындағы қарым-қатынасты талдау үшін социометрияны пайдаланыңыз.

Выделяйте время для индивидуальных бесед. Показывайте детям, что их мнение и чувства важны.

Жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. Балаларға олардың пікірлері мен сезімдері маңызды екенін көрсетіңіз.

Будьте искренни. Дети хорошо чувствуют фальшь, поэтому говорите и действуйте открыто и честно.

Шынайы болыңыз. Балалар өтірікті сезіп қояды, сондықтан ашық және адал сөйлеп, әрекет етіңіз.

Собирайте обратную связь. Спрашивайте у учеников, что им нравится на занятиях, а что можно улучшить.

Кері байланыс жинаңыз. Оқушылардан сабақта не ұнайтынын және нені жақсартуға болатынын сұраңыз.

Обучайте детей распознавать насилие. Объясните, что такое физическое, эмоциональное, сексуальное насилие и буллинг.вится на занятиях, а что можно улучшить.

Балаларды зорлық-зомбылықты тануға үйретіңіз. Физикалық, эмоционалдық, жыныстық зорлық-зомбылық пен қудалаудың не екенін түсіндіріңіз.

Формируйте нулевую терпимость к насилию. Помогите детям понять, что любое насилие (физическое, словесное, психологическое) недопустимо.

Зорлық-зомбылыққа төзуге болмайтынын көрсетіңіз. Балаларға кез келген зорлық-зомбылыққа (физикалық, ауызша, психологиялық) жол берілмейтінін түсінуге көмектесіңіз.

Работайте вместе со школьным психологом и социальным педагогом. Организуйте беседы о том, как распознать насилие над собой и над другими.

Мектеп психологымен және әлеуметтік қызметкермен бірлесіп жұмыс жасаңыз. Өзіңе және басқаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай тануға болатыны жайлы әңгімелер ұйымдастырыңыз.

Научите детей защищать свои границы. Объясняйте, как говорить «нет» и как правильно выходить из опасных ситуаций. Например: «Нет, мне это не нравится» или «Прекрати, мне неприятно».

Балаларды өз шекараларын қорғауға үйретіңіз. «Жоқ» деп қалай айту керектігін және қауіпті жағдайлардан қалай дұрыс шығу керектігін түсіндіріңіз. Мысалы: «Жоқ, бұл маған ұнамайды» немесе «Тоқтат, маған ұнамайды».

Развивайте навыки медиации. Учитесь и учите детей конструктивно разрешать конфликты и вести диалог без агрессии.

Медиация дағдыларын дамытыңыз. Жанжалды конструктивті шешуге және агрессиясыз диалог жүргізуге үйреніңіз және балаларды соған үйретіңіз.

Юридическая памятка
Құқықтық жадынама

Помните, что в Казахстане предусмотрена ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан в области образования, физической культуры и спорта, а с 1 января 2025 года также расширены нормы административной ответственности, касающиеся физической культуры (Кодекс об административных правонарушения Республики Казахстан, статья 409).

Есіңізде болсын, Қазақстанда Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап дене шынықтыру саласына қатысты әкімшілік жауаптылық қағидалары кеңейтілді (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 409-бап).

Также предусмотрена уголовная ответственность за недонесение о достоверно известном готовящемся или совершенном тяжком преступлении против половой неприкосновенности несовершеннолетнего лица статьей 434 Уголовного кодекса Республики Казахстан.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы сенімді түрде белгілі, жоспарланған немесе жасалған ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабында қылмыстық жауаптылық көзделген.

Кроме того, за несообщение о противоправных деяниях, совершенных несовершеннолетними или в отношении несовершеннолетних предусмотрен штраф на физических лиц в размере пяти, на должностных лиц — в размере десяти месячных расчетных показателей.

 

То же деяние, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, предусмотренного частью первой настоящей статьи, влечет штраф на физических лиц в размере двадцати, на должностных лиц — в размере тридцати месячных расчетных показателей статей 127-1 Кодекса об административных нарушениях Республики Казахстан.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған заңсыз әрекеттер туралы хабарламау жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш, лауазымды тұлғаларға — он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша жеке тұлғаларға жиырма, лауазымды тұлғаларға — отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.